20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан жақында 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің жазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
24 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрыңғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын.
Соттың үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ деп ойлаймын. Прокуратура тарапынан 21 жыл ұсынылғаны бұқаралық ақпарат құралдарында айтылды. Прокуратура әлі де жазаны қатаңдатар деген үміттемін. Қазіргі таңда сот 18 жыл беріп отыр. Енді, оның жасына келетін болсақ орташа есеппен 75 жасына дейін өмірінің соңғы кездерін түрмеде өткізіп қалуы ғажап емес, - дейді Абзал Құспан.
Сонымен қатар, Кәрім Мәсімовтің денсаулығына байланысты шартты түрде жазасын жеңілдету қарастырылмайтынын атап өтті.
Мәсімов аса ауыр айыппен айыпталып отырғандықтан шартты түрде жаза қарастырылмаған. Сондықтан мерзімінен бұрын босатылмайды. Жазасын толық 18 жыл өтейді, - деп толықтырды депутат.
Кәрім Мәсімовтың орынбасары болған Самат Әбішевке қатысты тиісті тексерілулер жүргізу керектігін де айтты.
Сондай-ақ Абзал Құспан өзінің жетекшілігімен бірқатар жаңа заң жобасын қарауға алу туралы жоспарымен бөлісті.
Менің жетекшілігіммен Парламент депутаттарының қарауына ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық процестік кодексі және Қылмысты атқару кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы келіп түсті. Бұл өте үлкен ауқымды заң жобасы. Бірінші рет бұл жағдайда Прокуратура органдары емес, заңнның авторы ретінде әділет министрлігі ұсынылып отыр, - дейді ол.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?