18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 3 алтын медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ересектер арасында алғаш рет құрлық бәсекесіне қатысып жатқан Дайяна Даренская 68 кг дейінгі салмақтың финалында жапон спортшысы Кама Цубасаны ұтты. Осыдан кейін татамиге шыққан әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) ирандық қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) тағы бір жапон каратэшісі Сумире Сугитаны жеңді.
Айта кетсек, бұған дейін кумите бағдарламасында Жоламан Биғабыл топ жарған. Осылайша Ұлттық құрама 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Екінші сатыда Жапония (3 алтын, 5 күміс, 4 қола), үздік үштікті 3 алтынмен Вьетнам түйіндеді.
Күміс: кумитеден Қазақстан әйелдер құрамасы;
Қола: Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг), Диас Ұлбек (+84 кг), кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы;
Қазақстан осыған дейін жалпы есепте 1-рет топ жарған. Малайзияда 2023 жылы командаға 1-орын үшін 3 алтын жеткілікті болған.
Биыл сары құрлық чемпионатында 29 мемлекеттің таудаулы 421 спортшысы жүлдеге таласып жатыр. Жалпы Ташкент қаласы осыған дейін каратэден сары құрлық чемпионатын 3 рет қабылдаған.
Біздің Ұлттық құраманың нәтижесі:
2022 жыл 2 алтын, 4 күміс, 2 қола (жалпы есепте 3-орын)
2019 жыл 1 алтын, 2 күміс (5-орын)
2012 жыл 1 алтын 3 күміс 2 қола (4-орын).
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр