13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМысыр астанасы Каирде жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-лига бәсекесіне әр салмақтағы әлем рейтингінің таңдаулы 32 каратэшісі ғана шақырту алған. Бұл жолы қоржынға 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. Мөлдір Жаңбырбай 50 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл - оның Париждегі қоласы мен Ханчжоу Премьер-лигасындағы күмісінен кейінгі 3-медалі.
Ал Әсел Қанай (-61 кг) ақтық сында Украина спортшысынан жеңіліп қалды. Түркістандық спортшы қыста Парижде күміс, ал Ханчжоуда қолаға ие болған. Осы алтынның арқасында Мөлдір жылдың үздік каратэшісіне берілетін Grand Winner сыйлығына қол созым жерде тұр. Енді жылдың шешуші Премьер-лига бәсекесі мамырдың аяғында Марокконың Рабат қаласында өтеді. Жаңбырбай сол сында кем дегенде топтық кезеңнен шықса, екінші жыл қатарынан аталған сыйлыққа қол жеткізді.
Айта кетейік, Мысырдағы жарыста барлығы 68 елден 383 спортшы күш сынасты. Оның ішінде Ұлттық құрама каратэшілерінің саны - 13.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды