Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы15-18 мамыр күндері Орал қаласында WKF каратэден Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Х халықаралық «Akzhayk Open» турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sportbugin.kz мәліметінше, аталған турнир жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл турнир жастар мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатына іріктеу бәсекесі болып саналмақ.
Дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей Федерациясы және Түркиядан келген мыңға жуық спортшы бақ сынайды.
Турнирде спортшылар кате және кумито бойынша өзара мықтыларды анықтайды.
Жарыс таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 арасында, «Жайық Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 16 мамырға жоспарланған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді