Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін екі қазақ каратэшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кумите бағдарламасында (U14-15) Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) аса тартысты өткен финалда Украина өкілі Максим Виечкановты ұтты. Ал Сұңқар Қанибек 70 кг дейінгі салмақтың ақтын сынында Хорватия өкілін тізе бүктірді. Екі спортшымыз жарыс барысында 7 жекпе-жектен өткізді.
Сонымен қатар, бүгін 14-15 жас санатында тағы 3 спортшымыз қола медаль жеңіп алды. Амир Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Қазір Қазақстан командасында жүлде саны 8-ге жетті. Кеше Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) топ жарса, Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) мен Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.
Фуджейрадағы дәстүрлі жарыс ертең аяқталады. Барлығы осы жылы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді