20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстанның екі спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қыздардан 68 келіге дейін салмақта сынға түскен Лаура Әліқұл бірнеше қарсыласын қапы қалдырды. Ол ширек финалда 2 дүркін Азия чемпионы Вьетнам қызы Хуонг Зи Динхты 7:4 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда тағы бір Азияны ұтқан Сейко Георгжи Зефаниядан (Индонезия) 5:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп, финалға жолдама алды.
Енді жерлесіміз финалда қытайлық спортшымен кездеседі.
Сонымен қатар Нұрқанат Әжіқанов та Азия ойындарының финалына жолдама алды.
75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрқанат жартылай финалда малайзиялық спортшыны 4:3 есебімен жеңді.
Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері оған дейін Махаммед Шекху Аламды (Непал) 5:0 есебімен ұтса, ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановтан 3:1 есебімен айласын асырды.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?