30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКанвонда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Олимпиада ойындары аяқталуға жақын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
31 қаңтар күнгі жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық керлингшілер Ибрагим мен Мерей Тастемірлер топтағы шешуші ойында даниялықтарға (Катрин мен Якоб Шмидт) жол берді. Есеп – 3:15. Өкінішке қарай, Қазақстан плей-офф кезеңіне жолдама ала алмады. Біздің спортшылар кеше Италияны ірі есеппен жеңген. Алайда оның алдында Аустрия, Германия және Швейцария құрамасына есе жіберген.
Ертең, 1 ақпан, ойындардың соңғы күні. Шаңғымен жарыста Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова квартеті аралас командалық эстафетада жүлдеге таласады. Жарыс астана уақытымен сағат 8:00-де басталады.
Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды