20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) даңқты мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (64-2-2, 39 KO) оңай жеңетінін айтты. Qazaqstan телеарнасына сұхбат берген Qazaq Style алдағы жоспарларымен де бөліскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап.
«Бізде қазір екінші орта салмақтағы әлем чемпионы «Канело» болып тұр. Оны 100 пайыз жеңе аламын. Өйткені мен оның әрбір жекпе-жегін, жаттығуларын білемін. Бақылап отырамын. Қарап жүремін. Оның кемшілігі мен артықшылығын айта аламын. Оның бәрін дәптерге жазып отырамын. Егер онымен қолғап түйістіретін болсам, қандай тактика қолданып, қандай айламен жеңу керектігін білемін. Мен оны бір раундта үш рет құлата аламын. Бұл жай сөз емес. Құдай қаласа, кездесіп жатсақ, іспен дәлелдеуге тырысамыз», – деді Жәнібек.
Айта кетейік, қазақ боксшысы соңғы жекпе-жегін биыл 14 қазанда неміс Винченцо Гуальтьеримен өткізіп, атыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол өзінің WBO титулын қорғап, қарсыласында болған IBF чемпиондық белбеуін иеленді.
Қазіргі таңда Жәнібектің промоутерлері америкалық даңқты боксшы кіші Крис Юбенкпен жекпе-жек өткізуге тырысып жатыр. Юбенктің өзі бұл кездесуге қарсы болмағанымен, оның промоутерлері әзірге келіссөзге барар емес.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?