22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем кубогінің жаңа маусымы басталады. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) шешімі бойынша, биылдан бастап байрақты бәсеке World Tour деген атаумен және жаңа форматпен ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа қатысушы мемлекеттер енді ел атымен емес, командалық атаумен өнер көрсетеді. Сондай-ақ әр команданың өз тотемі болады. Ұйымдастырушылар мұндай өзгерісті көрермендердің қызығушылығын арттыру мақсатында жасап отыр. Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары енді Әлем кубогі кезеңдерінде Kazakh Nomads деген атаумен сынға түседі.
Сонымен қатар Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Әлем кубогі форматына да бірқатар өзгеріс енгізген. Мәселен, әлемдік рейтингте үздіктер қатарында тұрған спортшылар Әлем кубогінің бастапқы кезеңдеріне қатыспайды. Жаңа ереже бойынша енді әлемдік жарыстарда 17 жастан асқан спортшылар ғана өнер көрсете алады.
Канададағы Әлем кубогінің алғашқы кезеңіне Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан мына спортшылар қатысады:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Айбек Нәсен, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев;
Әйелдер: Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Зейнеп Құмархан.
Айта кетейік, World Tour жарысына Қазақстан құрамасынан бөлек, Канада (Canadian Ice Maples), Қытай (Chinese Loongs), АҚШ (USA Eagles), Оңтүстік Корея (Korean White Tigers), Жапония (Japanese Ninjas), Бельгия (Belgian Ice Bears), Италия (Italian Gladiators) және Нидерланд (Dutch Lions) спортшылары қатысады.
Шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңі 25-27 қазан күндері Монреальда өтеді. Екінші кезеңді 1-3 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев