1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіРесейдің Камчатка түбегінде соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жер сілкінісі 8,7 магнитуданы құрап, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:24-те тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 161 км шығысқа қарай, 32 км тереңдікте болған. Бұл — 1952 жылдан бергі ең жойқын сілкініс.
Жер сілкінісінен кейін 4 метрге дейінгі толқындар тіркеліп, Камчаткада және көршілес Жапонияның кейбір аймақтарында цунами қаупі жарияланды. Билік тұрғындарды жағалаудан дереу эвакуациялауға шақырды. Алғашқы деректерге сәйкес, бірнеше адам зардап шеккен, бірақ қаза тапқандар жоқ.
Жер сілкінісінің әсерінен Тынық мұхиттың арғы бетінде орналасқан Чили жағалауына да цунами толқындары жетуі мүмкін. Бұл туралы Чили әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық және океанографиялық қызметі ескерту жасады.
Чилидің табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық қызметінің директоры Алисия Себриан баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасап:
Чили жағалауының барлық бөліктерінде, соның ішінде Антарктикалық аумақта цунами қаупі жарияланды. Біз төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру комитеттерін жинаймыз және эвакуациялық шаралар туралы тұрғындарды хабардар ету үшін жағдайды нақты бақылап отырамыз. Әзірге бізде уақыт бар, цунами бірден келмейді, – деді.
Чили мамандарының болжамынша, толқындар жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні сағат 14:51-де жетуі мүмкін.
Камчатка өлкесінің билігі жедел әрекет ету штабы құрылып, барлық шұғыл қызметтер мен ведомстволарды үйлестіруге кірісті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?