20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесуде Жылқайдар Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар: бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медальді, ал Арман Мыса (50 келіге дейін) қола жүлдені иеленген болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?