13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАқмола облысында қызмет бабын асыра пайдаланып, кәсіпкерлерден пара және заңсыз сыйақы алған шенеуніктерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz сайты Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, Көкшетау қалалық соты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы болып істеген Ерлан Тастановқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот үкімімен оған 2 500 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар сот Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы - өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы Айнагүл Исмаиловаға да 2 000 000 теңге көлемінде айыппұл салды.
– Тергеу барысында анықталғандай, Тастанов пен Исмаилова алдын ала сөз байласып, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы және карантиндік сертификаттарды іс жүзінде тексеруге шықпастан бергені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен пара және алдау арқылы заңсыз материалдық сыйақы алған, - деді ведомстводан.
Сот айыпталушыларды өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды. Сонымен бірге, сот жеке кәсіпкер өкілі Айна Қазенованы пара беру дерегі бойынша кінәлі деп танып, оған 300 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды