Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТуризм және спорт министрлігі Jibek Joly туристік пойызының турына кіретін көріктер жерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Jibek Joly туристік пойызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, туризмді дамыту стратегиясы аясында іске асырылды. Онда саяхатшылар Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына саяхаттай алады. Олардың тізімі төмендегідей:
Түркістан (Қазақстан):
Арыстан-Баб кесенесі;
Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары;
«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны);
«Керуен-сарай» туристік кешені.
Ташкент (Өзбекстан):
Хазрати-Имам кешені;
Төле би кесенесі;
Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы;
«Навруз» этнографиялық паркі;
Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші;
Magic City ойын-сауық саябағы.
Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді