29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКөлік министрі Марат Қарабаев Израильдегі азаматтарымызды елге қайтаруға қосымша рейс қарастыру мәселесі жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда журналистерге берген сұхбатында айтты.
Израильге қосымша рейс қарастырылмайды. Кеше Тель-Авив – Ақтау –Алматы бағыты бойынша рейс жүзеге асырылды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі 180 адамға дейін. Яғни орын жетпей қалды деген мәселе болмады. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды, - деді министр.
Сонымен қатар министр жағдай оңалғанға дейін Израильге әуе қатынасы уақытша тоқтатылды деп отыр.
Әуе қатынасын тоқтату Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жалғасады, - деп атап өтті.
Айта кетейік, кеше арнайы рейспен Израильдегі отандастарымыз Алматыға жеткізілген болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек