Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыИзраильдің Тегерандағы аудандарға жасаған соққыларынан кемінде 78 адам қаза тауып, тағы 329 адам жарақат алды. Бұл туралы Fars агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бүгін Израильдің Тегеранға жасаған лаңкестік шабуылының салдарынан қаза тапқандардың бейресми саны 78 адамға жетті, тағы 329 адам түрлі жарақат алды, – делінген агенттік хабарламасында.
13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ауқымды әскери операцияны бастады. Бұл операция аясында Израиль Әуе күштері Иранның әскери нысандары мен ядролық бағдарламасына қатысы бар объектілерге соққы жасауда. Израиль билігінің мәлімдеуінше, бұл елге төнген қауіптің алдын алу мақсатында жасалған.
Израиль Әуе күштері Иранның бірнеше аймағында, соның ішінде Тегеранда бірнеше жойқын шабуыл ұйымдастырды. Иран БАҚ-тарының мәліметі бойынша, шабуылдар нәтижесінде жоғары лауазымды әскери тұлғалар мен бірнеше ядролық физик көз жұмған. Сонымен қатар, шабуылдар Натанздағы ядролық нысанға және елдің солтүстік-батысындағы ирандық әскери бөлімдердің орналасқан жерлеріне де бағытталған.
Израиль шабуыл жасайтыны туралы 12 маусымда мәлімдеді. Осыдан соң Израильдегі елшілік Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді