7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Талай жыл айтыс ұйымдастырып, өзі жүргізушісі болып келген ақын Жүрсін Ерман денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып келген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елге оралған ақынның үйіне Аспанбек Шұғатаев бастаған бір топ ізбасары көңіл сұрай барып, ағасына өлең арнапты. Видео Жүрсін Ерманның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Оқи отырыңыз:
Сөйлейін, жастығыңыз түрегелсін,
Жүрсін аға топтарға кіре берсін.
Жуырда «Алтын домбыра» өтеді дейді,
Өзіңіз де барсам деп тілегенсің.
Бұйыртса, сол додада жолығайық,
Жүрсін ағам ұзақ ғұмыр сүре берсін.
«Алтын домбыра» деген не тәйірі?
Көлікті де, басқа ақын міне берсін.
Ең бастысы, жұртымның ортасында,
Жүрсін ағам жарқырап жүре берсін, - деп шырқады Аспанбек Шұғатаев.
Бұл арнау айтулы ақынның жүрегін елжіретсе керек, көз жасына ерік берді.
Ал видеоның астында оқырман қауым Жүрсін Ерманға тезірек сауығып, жаңа туындыларымен көпшілікті қуантуды тілеген.
«Ауырмаңыз, Аллам күш қуат берсін, бұйыртса, жаза алмай жатырмын деген өлеңдеріңізді жарыққа шығарыңыз», «Жүрсін ағамызға Алладан шипа болсын, бойына күш-қуат қонсын...», «Жүрсін ағамыз аман-есен жазылып, халқын қуантуға жазсын, ем болсын!» – деп жазды оқырман.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?