23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіИталияның Лампедуза аралына бір күнде теңіздегі апаттан зардап шеккен 600-ден астам мигрант жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта аралдың қабылдау орталығы мигранттарға лық толды. Елдің билік өкілдері мигранттардың бір бөлігін Сицилияға жіберуді бастады. Еuronews агенттігінің жазуынша, теңіздегі апаттан зардап шеккен, адамдар мінген 10 қайық италиялық Лампедузаға сенбі күні келген. Олар жағаға 430 адамды жеткізгені мәлім болды.
Соңғы күндері күн жылып, ай толып жарық болғандықтан Жерорта теңізін кесіп өтпекші болған мигранттар саны артп түскен. Жұма күні 247 адам мінген 7 қайық Лампедузаға жеткізілген еді.
Сонымен бірге, Лампедузадағы қабылдау орталығындағы адамдар санын азайтуға тырысқанына қарамастан, сыйымдылық 3 еседен асып кеткен.Қазіргі бұл орталықта 900-ге жуық адам бар.
Жергілікті билік Риммен келісе отырып мигранттардың бір бөлігін сицилиялық Порто-Эмпедоклеге Novelli паромымен жіберетіні айтылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады