29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыLa Gazzetta Della Sport басылымының мәліметінше, Италиядағы ең үлкен стадион «Сан-Сиро» сүріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Милан қалалық кеңесі 81 мың жанкүйерге арналған аренаны сүруге рұқсат берді. Кезекті отырыста өткен дауыс беру барысында 24 депутат «Сан-Сироны» бұзу бастамасын қолдаса, 20-сы қарсы шыққан.
Стадион орнына жаңа арена салынады. Жаңа нысан 2032 жылы Италия мен Түркияда өтетін Еуропа чемпионатының матчтарын қабылдайды деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «Сан-Сиро» стадионы 1926 жылы ашылған. Мұнда А сериясының клубтары «Милан» мен «Интер» өздерінің үйдегі матчтарын өткізеді. Ал 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада өтеді. 6 ақпанда өтетін ашылу салтанаты да осы аренада ұйымдастырылмақ. Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек