29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Атлетико» Мадрид футбол клубы сатылымға қойылды. Бұл туралы La Sexta сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, «Атлетиконың» бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин клуб президенті Энрике Сересомен бірлесіп клубты сату туралы шешімге келген. Олар клубтың 65 пайыз акциясына иелік етеді.
«Атлетикоға» қызығушылық танытып отырғандар қатарында «Майами Долфинс» клубының иесі Стивен Росс бар. Тараптар кездесу өткізіп те үлгерген тәрізді.
Росс клубқа миллиард доллардан астам қаржы құйып, «Хард Рок Стэдиум» аренасын жөндеу жұмыстарына 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған.
Ал Forbes 83 жастағы кәсіпкердің байлығын 10,1 миллиард доллар деп бағалайды.
Қазіргі уақытта «Атлетико» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 34 ұпаймен төртінші орында келеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек