7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Германияда футболдан аяқталған Еуропа чемпионатында Испания құрамасы топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешуі ойында испандар ағылшындардан 2:1 есебімен басым түсіп, кезекті рет кәрі құрлықтың үздігі атанды.
Берлинде "Олимпиада стадионында" өткен ойынның алғашқы таймы үздіксіз шабуылдың көп болғанына қарамастан тең аяқталды. Екі құрама қанша тырысса қорғаныстан өткенімен қақпадан саңылау таппады. Екінші тайм басталған сәтте испандар алғашқы минутта есеп ашып, испан шабуылшысы Нико Уильямс құраманы алға шығарды.
Ал ағылшын қарымта жауап беру үшін 26 минут бойы үздіксіз шабуылға шықты. Ойынның 73-ші минутында Коул Палмер Джуд Беллингем берген пасты қақпаға дәл тебе білді. Алайда испандар осыдан кейін есепті асырып кетті. 86-минутта жартылай қорғаушы Микель Оярсабаль Марк Кукурелья берген пасты мүлт жіберген жоқ.
Осылайша ойын 2:1 нәтижесімен испандықтардың пайдасына шешілді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?