Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПолиция ведомствосында жоғары сынып оқушылары қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара жастарға тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ танысуға және осы қызметтің ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берді.
Қонақтар алдымен ІІМ мұражайында болды. Онда оқушылар ведомствоның тарихымен, жетістіктерімен танысты.
Сонымен қатар мектеп оқушылары жедел басқару орталығына барды. Астана қаласының көшелері мен қоғамдық орындарындағы қауіпсіздікті қадағалап, тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи технологияның мүмкіндіктерін көрді. Айта кету керек, мұнда 102 арнасына келіп түсетін қоңыраулар қабылданады.
Криминалистика зертханасына да экскурсия жасалды. Онда қонақтарға қылмыс орнынан тәркіленген айғақтарды талдаудың әдістері көрсетілді.
Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсету және жауынгерлік техникалар бойынша мастер-класс өткізілді. Кинологтар қызметтік иттермен түрлі тәсілдерді көрсетіп, есірткінің зияны туралы ескертті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?