Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
«Негізі, мен эстафетаға қатысатын тізімде жоқ едім. Бірақ Валерия Тюленева ауырып қалғасын, орнына мен шықтым. Жарыс көңілімнен шықты, барлық қыздар да жарап тұр. Әрине, нәтиже көңіл қуантпайды. Десе де, біз өз шама-шарқымыз жеткенше жүгірдік. Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Төртжылдық додасына қатысу мен үшін арман болатын. Өкінішке қарай, Бейжің ойындарына баратынымды қаңтардың ортасында ғана білдім. Бірден жолдама алғаным жоқ. Сондықтан, жоспарлы түрде дайындалу мүмкін болмады. Олимпиада қарсаңындағы бар жаттығуым туған қалам Павлодарда өтті. Осындағы жағдай мен мен тұратын қаладағы жағдайды салыстыру мүмкін емес. Бәрі ойдағыдай емес, алайда, үлкен тәжірибе алғаным анық. Басты додаға қатысқаным үшін қуаныштымын», - деді Ирина.
Еске сала кетейік, қазақстандық шаңғышы қыздар командалық эстафетада 15-ші орын иеленді.
baq.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек