20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесті. Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын азайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әли Акбар Мехрабиан ирандық компаниялар Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – «Бахтиари» ГЭС-ке ұқсас ауқымды жобаларды іске асыруға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, министр Иран суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын екенін және бұл булану себебінен болатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Нұржан Нұржігітов өз кезегінде мұндай жобалар Қазақстанның оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары үшін қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі ирандық компанияларды келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға шақырды.
Биылғы су тасқыны еріген қар суын қауіпсіз өткізу және одан әрі тиімді пайдалану үшін жаңа су қоймалары қажет екенін көрсетті. Ирандық компаниялар өте табысты жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олардың жұмысының тиімділігін көргендіктен ирандық әріптестерімізбен тығыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайынбыз, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?