Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыИран Парламенті ұлттық валютаны жаңарту және жеңілдету мақсатында деноминация жүргізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл өзгеріс бойынша иран риалынан төрт нөл алынып тасталады. Енді бір жаңа риал – 10 000 ескі риалға тең болады. Сондай-ақ жаңа риал 100 керанға бөлінеді.
Жаңа және ескі риалдар үш жыл бойы қатар қолданыста болады. Осы уақыт аралығында ескі ақшалар біртіндеп айналымнан шығарылады.
Бұл бастама Иранда бірнеше жыл бойы талқыланып келген. Елде инфляцияның жоғары болуы және риалдың құнсыздануы халықтың қаржылық өмірін күрделендірген еді. Сол себепті жаңа жүйе есеп айырысуды, сауда мен төлемдерді жеңілдетіп, ұлттық валютаны пайдалануды ыңғайлы етуге бағытталған.
Жаңа реформа Иран экономикасын тұрақтандыруға және ұлттық валютаға деген сенімді арттыруға сеп болады деп күтілуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді