Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИран Израильді зымыранмен атқылағаннан соң Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасап, міндетті түрде жауап болатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Иран бүгін кешке үлкен қателік жасады – сол үшін ол жауап береді. Иран режимі біздің өзімізді қорғағымыз және жауымызға кек қайтарғымыз келгенін түсінбеді. Біз қабылданған ережеге сүйенеміз: бізге кім шабуыл жасаса, біз оған жауап қайтарамыз, - деді Нетаньяху.
Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін айтты.
Біз көптеген зымыранды қағып түсірдік. Елдің орталығында және оңтүстігіндегі аудандарда бірқатар соққы жасалды, – деді Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари.
Израильдің медициналық қызметі екі адам жарақат алғанын хабарлады.
Айта кетейік, Иран Израиль аумағына шамамен 180 зымыран атқылаған. Әлеуметтік желілерде Иранда ұшырылып жатқан, Иордания аспанында ұшып бара жатқан және Израильде атып түсіріліп немесе құлап жатқан зымырандардың көптеген видеолары пайда болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?