Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИран Президенті Масуд Пезешкиан сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерімен кездесуі кезінде елдің сыртқы саясатындағы негізгі басымдық – көрші мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Анадолыға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Иран Түркия, Түрікменстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Парсы шығанағындағы елдермен байланысын тереңдетуге ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Президент сондай-ақ Израиль мен АҚШ тарапынан жасалған шабуылдарға қарамастан, Иран дипломатиясының белсенді жұмысын тоқтатпағанын атап өтті. «Кейбір өкілдіктеріміз жабылғанымен, дипломаттарымыз өз қызметін жалғастырып, Иран халқының үнін әлемге жеткізе білді», — деді ол.
Пезешкиан ел халқының берік бірлігі мен табандылығын жоғары бағалап, 12 күнге созылған қорғаныс кезінде халықтың үлгі боларлықтай ынтымақ көрсеткенін айтты.
Ол сондай-ақ Иранның сыртқы саясаты елдің қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесіне негізделуі тиіс екенін ескертіп, көрші елдермен қатар БРИКС пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен байланысты дамыту қажет деді. Бұл бағытта Ресей, Қытай және басқа да әріптес мемлекеттермен тығыз үйлесімде жұмыс істеу жоспарланып отыр.
Пезешкиан Газада болып жатқан қантөгіске қатысты да пікір білдіріп, Израильдің әрекетін айыптады және Батыс елдері мен адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың үнсіздігіне сын айтты. Оның сөзінше, шет елдердегі кейбір парсы тілді медианың бұл оқиғаларды бұрмалап көрсетуі де алаңдатарлық.
Сөз соңында президент шетелде тұрып жатқан ирандықтардың еш кедергісіз елге оралуына мүмкіндік жасалуы керектігін мәлімдеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?