Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім бірнеше сағаттан кейін күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысты тоқтатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы америкалық көшбасшы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында (әр тараптың соңғы әскери операциялары аяқталғаннан кейін шамамен 6 сағаттан соң) 12 сағатқа созылатын толық атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Осыдан кейін соғыс ресми түрде аяқталды деп есептеледі! – деп жазды ол.
Оның айтуынша, атысты тоқтатуды бірінші болып Иран бастайды, ал 12 сағаттан кейін оған Израиль қосылады.
24 сағаттан кейін бүкіл әлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталғанын атап өтеді. Атысты тоқтату кезеңдерінің әрқайсысында тараптар бейбітшілікті және өзара құрметті сақтау міндетін алады. Әрине, егер бәрі жоспар бойынша жүрсе (солай болады да), – деді Трамп.
Ол Израиль мен Иранды «ұстамдылық, батылдық және даналық танытып, енді «12 күндік соғыс» деп аталатын қақтығысты тоқтатқанымен» құттықтады.
Бұл жылға созылатын, бүкіл Таяу Шығысты қирата алатын соғыс болуы мүмкін еді. Бірақ ол болмады және болмайды да! – деп толықтырды Ақ үй басшысы.
Кеше Иран АҚШ базасын атқылаған болатын. Бұған дейін екі елдің әскерінің күшін салыстырып жазғанбыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді