Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКерман қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Иран Ислам Республикасының билігі 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайды El.kz ИРНА-ға сілтеме жасап.
Иран билігі лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, жарылыстан қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты.
Оқи отырыңыз:
Еске салсақ, 3 қаңтарда кешкі уақытта Керман қаласындағы бейітке барар жолда жойқын жарылыс болды. Алғашқы жарылыс Кассем Сулеймани жерленген бейіттен 700 метр жерде, ал екіншісі қажылар жолы мен бақылау қақпасының сыртында, мазараттан 1 шақырым жерде орын алған. Алғашында жойқын жарылыстан 73 адам мерт болғаны хабарланды. Соңғы мәліметке сүйенсек, қаза болғандар саны 103-ке жеткен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді