22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қазақстан прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады.
Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
2023 жылдың қазан айында ол Грузияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айып тағылып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев