Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында осы санаттағы 200-ден астам қылмыстық істі талдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нәтижесінде азаматтардан интернет-алаяқтық арқылы ұрланған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған бірнеше істер бойынша қатысушылар анықталды.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топты Астана қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Қылмыстық схеманы іске асыру үшін топқа қатысушылар банктік карточкалары арқылы ақшалай қаражат түскен адамдарды («дропперлер») іздестіруді және оқытуды жүзеге асырған.
Қылмыстық топта оның қатысушылары арасындағы міндеттерінің нақты бөлінгені анықталды (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау орбитасына түскен жағдайда жауапкершіліктен алыстату әдістері бойынша нұсқаулықтар жүргізу, ақшалай қаражаттың үздіксіз түсуі үшін топтың жұмысын үйлестіру және т.б.). Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам сомаға ұрланған қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған.
Қазіргі уақытта қылмыстық топтың мүшелері қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді