29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИнтернет арқылы адамдарды алдап ақша алған Өзбекстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырауда Өзбекстанның азаматы бірнеше адамды Оlх.kz қосымшасындағы жарнама бойынша қойманы жалға аламын деп есеп шотына 13 мың теңгеге аудартып алған. Ол ақшаны картасына аудартып алған соң хабарласпай кеткен. Соңынан алданғанын түсінген адамдар жергілікті полицияға арызданған.
Полиция күдіктіні көп іздемей, тапты. Ол бұрын сотты болған 1986 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты.
Дәл осылай ол Алматы, Ақтөбе, Астана қаласының тұрғындарын да алдаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Себебі, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, – деді Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері.
Қазір өзге де жәбірленушілер мен оларға келтірілген шығын көлемі анықталуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек