7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?6 қараша күні Италияның Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Интер» мен «Қайрат» командалары арасындағы тарихи кездесу өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Матч жергілікті уақытпен сағат 21:00-де басталады.
Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық жанкүйерлер үшін қонақтар секторына билеттердің сатылымы ашылды.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.
Бағасы 7 мың теңгеден басталады.
Билетті рәсімдеу кезінде жанкүйер паспорттағы деректерін дәл көрсетуі тиіс: аты-жөні (латын әріптерімен), туған күні, жынысы, электрондық пошта және телефон нөмірі. Электрондық билеттер 4 қарашаға дейін сатып алушылардың поштасына жіберіледі.
Стадионға кіреберісте құжаттар тексеріледі. Мәліметтер сәйкеспеген жағдайда көрерменге кіруге рұқсат берілмейді.
«Қайрат» клубының хабарлауынша, Миланда өтетін тарихи ойын алдында қонақтар секторындағы жанкүйерлерге жалаушалар мен клуб символикасы таратылады. Фанаттардан сары-қара түсті киіммен келіп, командаға қолдау көрсету сұралады.
Бұл кездесу қазақстандық футбол үшін тарихи сәт болмақ. «Қайрат» алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, ел намысын Еуропаның әйгілі аренасында қорғайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?