20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөпшілікке Imanbek деген лақап атпен танымал қазақстандық продюсер әрі диджей Иманбек Зейкенов 2019 жылы Saint Jhn-ның «Roses» әніне жасаған ремиксі арқылы әлемге танылған еді. Дәл осы туындысы үшін ол 2021 жылы «Грэмми» музыкалық сыйлығын иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ең қызығы, теміржолда сигналшы болып жұмыс істеген Иманбек «Грэмми» алған алғашқы қазақстандық қана емес, сонымен қатар ТМД мен бұрынғы КСРО елдерінің арасында да «классикалық емес музыка» санатында марапат иеленген тұңғыш музыкант атанды.
Бес жыл ішінде оның трегі YouTube платформасында 367 миллионнан астам қаралым жинады.
Ал бүгін, 2025 жылдың 18 қыркүйегінде, Иманбектің қайтадан «Грэмми» сыйлығына номинацияланғаны белгілі болды. Бұл жолы ол әнші Taichu-мен бірігіп шығарған композициясымен «Best Latin Electronic Music Performance» санатында бақ сынайды.
Әлеуметтік желілерде өнер иесінің тыңдармандары қолдау білдіріп, сәттілік тілеп жатыр.
Олардың арасында:
«Құттықтаймын, сен бұған әбден лайықсың!»
«Әдеттегідей – от!»
«Керемет!»
«Сен – үздіксің!» – деген пікірлер бар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?