13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМемлекеттік табиғи резерваттқа тағы да бұқар бұғылары жіберілді, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан «Іле-Балқаш» резерватының аумағына 61 бұғы әкелінді. Қазір аталмыш жануардың жалпы саны-150 басқа жетіп отыр.
Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ, үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылды. Аталмыш құрылғының жануарларға еш зияны жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұқар бұғылары «Іле-Балқаш» резерваты аумағына төртінші рет жіберілді. 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас жіберілген. Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Айта кетейік, бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды