23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді23 қыркүйекте сағат 20:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауында жоғалып кеткен екі жасөспірімнен хабарлама түсті. Жедел-құтқару жасағының тобы іздеуге жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зардап шеккендермен байланыс орнаттық, жасөспірімдер Кумбель шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған. Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, жастардың киімдері су болып қалған екен. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5: 20-да тау басынан түсе бастады. Жас туристер Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастағаны анықталды. Алайда, жас туристтер уақытты есептемей, қараңғы түсе бастаған соң, жолды қысқартуға шешім қабылдаған. Олар жолдан шығып, адасып қалған. Жасөспірімдер дер кезінде дұрыс шешім қабылдады: дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, арнайы таудағы лашық үйге барып, паналаған, - деп жазды ведомстводан.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еске салады: тауға қарай бағыт алсаңыздар, оралу уақытын есептеңіздер, бағыттың көп бөлігін күндізгі уақытта жүріп өтіңіздер. Құтқарушыларды шақыру үшін мына нөмірлерді есте сақтаңыздар: 112 немесе 8(727)372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағы).
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады