Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІле Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері Ақсай шатқалында жүрген барысты құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ілбіс (барыс) - кәрі және тістері сынған әрі жүдеу, өте әлсіз екені анықталған. Табиғат жанашырлары ауру жануарды емдеу үшін тиісті органдар мен ветеринарлардан кеңескені белгілі болды.
Ол Алматы хайуанаттар бағына орналастырылады.
Ұлттық парк тарапынан, сирек кездесетін аңды құтқару үшін тиісті орындарға хат жолданып, нәтижесінде Орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатымен, Ұлттық парк мамандары мен Алматы хайуанаттар бағы ветеринар дәрігерлері, Зоология институтының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен 8-ші желтоқсан күні кешқұрым ілбіс (барыс) ауланып, акт толтырылып, Алматы хайуанаттар бағына жөнелтілді. Ілбіс (барыс) - кәрі және тістері сынған әрі жүдеу, өте әлсіз екені анықталды. Ендігі кезекте биік таудың көркі ілбіс емделіп қалпына келсе, қала тұрғындары мен Республика халқы хайуанаттар бағынан көріп тамашалайтын болады, - делінген ұлттық табиғи парк таратқан хабарламада.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?