29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыІшкі істер министрі Ержан Саденов Алматы облысында қыз зорлаған полиция қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қызды зорлаған екі полицейге қатысты істің мән-жайын сұрады.
Өкінішке қарай, бұл деректің болғаны рас. Бұрынғы құқық қорғау қызметкерлері аталмыш қылмысты жасады. Бұл жағдайдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, дисциплинарлық комиссияның отырысы өткізіліп, бұрынғы қызметкерлер ішкі істер органы саласынан шығарылды. Бұдан бөлек күдіктілер қылмыстық іс шеңберінде қамауға алынды. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деді министр.
Оның сөзінше, күдіктілер қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органы сапында жұмыс істеген.
ІІМ басшысы оқиғаның мән-жайын айта алмайтынын, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек