Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиыл жол көлік оқиғалары 13 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол көлік оқиғалары салдарынан жарақат алғандар 16 пайызға, сондай-ақ қаза тапқан адамдар саны да төмендеген.
Осылайша, 2 мыңға жуық адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалдық. Дегенмен, жалпы апаттылықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында апаттылықтың деңгейі жоғары болып қалуда. Негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғаларының 73 пайызы келеді. Бұл ретте, адам шығынымен болған апаттардың 1/4 жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Олардың ең көп үлесі Алматы, Астана қаласында және Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау мен Алматы облысында, - деді Марат Қожаев.
Министрдің айтуынша, реттелмейтін өткелдерде зардаптары ауыр жол-көлік оқиғалары 5 есе жиі болады.
Елімізде тек 250 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері бар. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында олар мүлдем жоқ. Бүгінде мыңнан астам бағдаршам нысандары, 1,5 мың «кері санақ» таблосы, 25 мың жол белгілері, 1 млн км-ден астам жол таңбалары қажет, - деп вице министр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді