Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен қылмыс түрлері де өзгерді. Оларды анықтап, ашу үшін полицияның жедел қызметтерінен жаңа тәсілдер талап етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі қазақстандық компаниялардың бірімен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты.
Қыркүйек айында техниканы қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ әрбір өңірге бір жұмыс станциясы берілді.
Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінен 21 ІТ-маман оқытылды. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, аппараттық-бағдарламалық кешендер Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде бөлінген қаржыландыру есебінен сатып алынды.
Бағдарламалық кешендердің қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізуді, есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық істі тіркеді.
Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды. OLX.kz хабарландырулар ресурсында есірткіні насихаттайтын 1179 жазба мен психоактивті заттарды тарату бойынша курьерлік жұмыс ұсыныстары анықталды. OLX.kz басшылығымен жасалған келісім негізінде бұл жарнамалар жойылды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады