23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПолиция ведомствосының басшысы Ержан Саденов ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа жыл – әрқайсымыздың өміріміздегі ең жарқын мерекелердің бірі. Бұл болашаққа деген жаңа үміттер мен жоспарлардың уақыты. Өткен жылы қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы – ішкі істер органдары ұжымының қажырлы да жемісті еңбегінің нәтижесі.
2024 жылды ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін жетілдіруге арнаймыз. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтерін және әскери борыштарын абыроймен орындайтынына сенімдімін.
Ардагерлерді, ішкі істер органдарының қызметкерлерін, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, олардың отбасы мүшелерін жаңа 2024 жылмен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте толағай табыс тілеймін! – деді Ержан Саденов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады