Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында аса ірі мөлшерде каннабис өсірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасын анықтып, көзін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, балық шаруашылығының атын жамылған қылмыстық кәсіп Алматы облысының Байкен ауылында жүзеге асырылған.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар өсімдіктердің бір жарым мыңнан астам бұтасы тәркіленді. Үш гектарлық заңсыз жылыжай ғимараттың жертөлесінде орналасқан, онда балық өндірілген. Тінту барысында 10 млн теңгеден астам ақша, жарықтандыру аспаптары, жылу шамдары, жылыту және желдету жүйелері, суаруға арналған заттар және есірткі өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 18 адам құрықталды. Есірткі өнімдерін одан әрі жеткізу арнасы анықталып жатыр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді