Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Игі істі бөліс» республикалық флешмобының алғашқы аптасында 300-ден астам қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, акцияға елдің түкпір-түкпірінен еріктілер топтары мен ұйымдары белсенді түрде қосылды. Алматыда жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне көмекке жұмсалды.
«Jaiyk Jastary» (Орал) еріктілері коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен тамақ таратып, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға көмектесті. Астана мен Шымкент жастары қарттар үйінде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Флешмобты «Jastar Oskemen» (Шығыс Қазақстан облысы), «Zheltorangy_zhastary» (Алматы облысы) және «Biz_birgemiz_dulaty» (Тараз) еріктілер ұйымдары да қолдады.
Айта кетейік, флешмобқа қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді