20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылар 2025 жылғы IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, IFLA дүниежүзілік кітапхана қауымдастығына кітапханадағы ақпараттық қызмет көрсету саласы боцынша кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесуге мүмкіндік береді, халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастықты қолдайды.
Беделді іс-шараны ұйымдастыру үшін, IFLA Басқарушы кеңесі ұлттық қауымдастықтың бір топ сарапшыларын мүмкіндіктерді саралау үшін Қазақстанға арнайы жіберген. Конгерске 100 астам елден төрт мыңға дейін қатысушы келеді.
Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын біріктіріп, кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын арттыратынына тоқталды. Сонымен қатар басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде аталмыш ауқымды іс-шараға көпшілікке қолжетімді кітапханалардың қатысуын қадағалап, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?