19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?IBA Конституциясы мен мүшелік саясатына негізделген бұзушылықтар мен айыптауларға байланысты төрт ұлттық федерацияның IBA-дағы қызметі тоқтатылды. Олар заңсыз бокс ұйымының мүшелігінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа Зеландия бокс қауымдастығы, неміс бокс қауымдастығы, Швеция бокс федерациясы және Нидерланд бокс федерациясы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, IBA мүшелігінен шеттетілді.
Егер олар белгілі бір шарттарды орындаса, құқықтарын толық қалпына келтіре алады:
Ұлттық федерация IBA-ға басқа халықаралық бокс федерациясына қатысатын аффилирленген шенеуніктердің жоқтығын көрсетуі керек;
Ұлттық федерация IBA-ға өзінің кез келген басқа халықаралық бокс федерациясына қатысуын тоқтатқанын және болашақта мұндай федерацияларға қатыспайтынын растайтын жазбаша өтініш беруі керек;
Ұлттық федерация өзінің ресми сайтында баламалы Халықаралық бокс федерациясын құруға бағытталған кез келген әрекетті нақты айыптайтын мәлімдеме жариялауы керек.
Бұдан бөлек тағы үш федерацияның мүшелігі тоқтатылды: Чехия бокс қауымдастығы, Либерия бокс қауымдастығы және Экваторлық Гвинея бокс федерациясы. Бұл федерациялар IBA бас кеңсесіне жыл сайынғы есеп беруде қателіктер жіберген.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары