29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқындық поэзияның ХVІІІ ғасырда пайда болуының алғышарттары. ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясы – жыраулар поэзиясының заңды жалғасы және жаңа мазмұнды әдебиет ізашары. Ақындар поэзиясының негізгі тақырыптары. Ақындар поэзиясындағы мазмұн мен пішін ерекшелігі. Ақындар поэзиясы – ұлттық реалистік әдебиетті негіздеуші.
Тәтіқара ақын шығармашылығын сөз еткен тұста ақындық поэзияның ұлт мәдениетінде жаңадан көрініс бере бастаған құбылыс екенін, бұл құбылыстың пайда болуының себебі қоғамдық санадағы өзгерістерге қатысты болғанын, ал қоғамдық санадағы өзгерістердің тууы қазақ пен жоңғар арасындағы соғыстардың шешім тауып, ел тұрмысында біршама қалыпты жағдай қалыптасуына байланысты болғанын айтқан едік. Сондай-ақ, жыраулар мен ақындар поэзиясындағы жекелеген ерекшеліктер жайына да аз-кем тоқталған болатынбыз. Ендігі тұста ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясының жайына кеңірек көңіл бұралық.
Жалпы, ХVІІІ ғасыр ақындары дегенде, негізінен, Көтеш, Шал ақындар шығармашылығы ескерілетіні белгілі. Сол себепті ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясының ерекшеліктерін сөз еткенде осы ақындардың шығармаларына ден қойылады.
ХVІІІ ғасырда бірнеше ғасырлық дәстүрі бар жыраулар поэзиясымен қатарласа пайда болған ақындар поэзиясының ең басты ерекшелігі – шығармаларының мазмұнын құрайтын мәселелердің күнделікті өмірден алынуы. Бұл жағдай ақындар поэзиясының негізгі тақырыбы күнделікті өмір көріністері болғанын танытады. Ал ағымдағы өмір шындығын жырлау ақындар шығармашылығында реализмнің жетекші әдіске айналуына себеп болды. Осы тұрғыдан келсек, ұлттық әдебиетімізде кейінгі дәуірлерде бекем орныққан реализмнің бастауында ХVІІІ ғасыр ақындары тұрғанына ден қою ләзім. Демек, ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясы өз дәуіріндегі қарапайым жандардың тіршілігін, дүниетанымын, өмірге көзқарасын, мақсат-мұраттарын танытуымен, әдебиетте реалистік көзқарастың қалыптасуына жол ашуымен бағалы.
Осы ғасыр ақындарын заманы бір жыраулармен салыстыра қарасақ, алғашқы ақындар поэзиясында ел билеу жайы, қаһармандық әрекеттер суреттеле бермейтінін көреміз. Мәселен, Көтеш ақынның бір ғана өлеңінде Абылай хан есімі аталады. Соның өзінде де, хан есімі ел арасындағы даулы оқиғаға қатысты айтылады. Көтеш ақынның дәл осы өлеңіне арқау болған жағдаймен ұқсас оқиғаны Жиембет жыраудан да кезіктіреміз. Жыраулар мен ақындар поэзиясының айырмашылығын аңғару үшін осы шығармаларға ой жүгіртелік.
Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек