Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыдағы хостелдегі өрттен мерт болды деп саналған Түркістан облысының тумасы Рамазан Әмірәлінің тірі екені белгілі болды. Студент оқиға орын алған кезде үйінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Отырар порталына сілтеме жасап.
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасарының айтуынша, 20 жастағы Рамазан негізінде Шымкенттегі медреселердің бірінде білім алады. Ол Алматыға ақша табу келген. Солай арзан баспана тауып орналасқан. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жігітке ата-анасы Ташкентке бірге тексеруден өту үшін үйіге оралуын сұраған. Қазір Рамазан өз үйінде ата-анасының жанында.
Ал Түркістан облысының Қазығұрт ауданында хостелдегі өрттен қаза тапқан 20 жастағы Бейбарыс Әлдібек жерленді. Жігіт Алматыға ерекше қажеттілігі бар ата-анасына қаржылай көмектесу үшін жұмысқа келген. Ол отбасына бірнеше күннен кейін үйге оралатынын айтып уәде берген.
Айта кетейік, хостелдегі өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған 13 адамның 10-ының жеке басы анықталды. Олардың сегізі – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ресей, тағы біреуі Өзбекстан азаматы екен. Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?