Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШәріпов көшесіндегі хостелде өрт салдарынан зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек дәрігерлер қойған диагноздар аясында толық көлемде көрсетілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккен төрт адамның жараларына алғашқы хирургиялық емдеу көрсетілді: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктері зақымданған. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі күні бір пациент газдан улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, есін жиды және оған ем толық көрсетілуде, - деді Иран Шаметеков.
Сондай-ақ зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберілді.
Шәріпов көшесіндегі өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Хостелде барлығы 72 тұрғын болды, олардың 12-і студент. Хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар жоқ.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді