Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.
Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)
Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).
Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.
Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.
Бұған дейін хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанған болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары