Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШайбалы хоккейден әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы екінші ойында Оңтүстік Кореяны тас-талқан етіп ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матчтың екінші кезеңінде жанкүйерлер төрт бірдей гол көрді. Қазақстан сапынан Әлихан Өмірбеков, Максим Мухаметов, Әділ Бекетаев көзге түссе, қарсыластардан Мин Хван Кан бір голмен жауап қайырды.
Үшінші кезеңде қазақстандық Данил Бутенко, Михаил Рахманов, Роман Старченко, Никита Михайлис мергендік танытып, ал Әлихан Өмірбеков дубль авторы атанды. Корея құрамасынан Ки Сон Ким 56-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 8:2 есебімен басым түсті.
Қазақстан – Оңтүстік Корея – 8:2 (0:0, 3:1, 5:1)
1:0 - Өмірбеков (Мұратов) - 23:17
2:0 - Мухаметов (Мұратов, Нұрғалиев) - 26:05
2:1 - Кан Мин Ван (Чон Хён Джин) - 31:52
3:1 - Бекетаев (Рымарев, Орехов) - 36:26
4:1 - Бутенко - 42:37
5:1 - Рахманов (Маңғысбаев, Әсетов) - 48:40
5:2 - Ким Кисунг (О Ин Гё, Ким Сангвук) - 56:14 ГБ
6:2 - Старченко - 57:03 Б
7:2 - Михайлис (Савицкий) - 57:45
8:2 - Өмірбеков (Мухаметов, Бутенко) - 59:17
Қақпашылар: Бояркин - Далтон.
Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:0 есебімен ұтқан.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді