19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шайбалы хоккейден Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Австрия құрамаларымен сарапқа салған еді. Төртінші турда қазақстандық хоккейшілер Жапонияны 3:1 есебімен ұтты. Ал Франция Австрияны - 7:4 Дания Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті. Төрт турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар ел құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Австрияға қарсы өткізеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары